Қазақ тiлi

Бөлім «Уақыт – ұлы күш», «Жердегі климаттық өзгерістер» Оқу мақсаты 7.3.2.1 ресми-іскерлік (ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау 7.4.4.1. Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну 7.5.1.2 Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану Бағалау критерийі Білім алушы • Мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасайды • Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды, презентация жасайды • Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда қолданады Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану Жоғары деңгей дағдылары Орындау уақыты 15-20 минут 1-тапсырма Ұсыныс түрінде берілген мәтінді түсініп оқып, тілдік ерекшелігін анықтаңыз, талдау жасаңыз. Бос уақытта қандай іспен айналысса болады? Көпшілік бос уақытын қалай өткізуді білмей, кейде «Менің мүлдем бос уақытым жоқ» дейді. «Немен айналысуға болады?» деген сұраққа психологтер: «Өзіңізге ұнайтын ермек іс (хобби) тауып алыңыз», - деп кеңес береді. Олар тек уақытты пайдалы өткізуге ғана емес, денсаулыққа да оң әсерін тигізеді. Олай болса, бос уақытта қандай іспен айналысса болады? • Қолөнер. Көңілсіздіктен арылтатын іс – тоқыма тоқу. Тоқыма тоқыған кезде өзіңізді жайлы әрі жеңіл сезінесіз. Сондай-ақ, кесте тігу, сурет салу, экибана жасау, бисер тоқу, т.с.с. қолөнермен айналысуға болады. • Гүл өсіру. Жер үйде тұратын көп адамдар бос уақытын бау-бақшада өткізеді. Ал көп қабатты үйде балконда шағын бау-бақша жасауға болады. Кішкентай гүл ыдыстарына қалаған үй өсімдіктерін егіп, оны күтіп-баптауға кірісіңіз. • Коллекция жинау. Өзіңізге қызықты дүниелерді жинастырыңыз. Олар: әдеби кітаптар, күйтабақтар, базарлықтар, пошта маркалары, ыдыс-аяқтар, жұмсақ ойыншықтар, т.б. • Үй жануарын асыраңыз. Олар: аквариумдағы балықтар, мысықтар, кішкентай иттер, тасбақа т.б. Үй жануарыңызға күтім көрсетіңіз. • Блог жүргізіңіз. Ғаламтор беттеріндегі ақпараттық-танымдық порталдарға тіркеліп, блог жүргізіңіз. Өзіңіздің басыңыздан өткен қызықты оқиғаларды, ойларыңызды жазып, өзгелердің пікірін оқыңыз. Әртүрлі форумдарда өзгелермен өз ойыңызбен бөлісіңіз. • Спортпен шұғылданыңыз. Фитнесс-клубтары мен спорт залдарына барып, би, жүзу, йога, аэробикаға жазылыңыз. Достарыңызбен жиылып, спорт алаңына барып, бадминтон, волейбол, баскетбол ойнаңыз. Шеңбер айналдырып, жаттығулар жасаңыз. 2-тапсырма Д.Дефоның «Робинзон Крузо» шығармасы бойынша мәліметтерді жинақтап, «Робинзонның 1 күні» тақырыбында презентация жасаңыз. Шырай түрлерін (салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы) қолданыңыз.  

Топ Комментарии Архив
Kasha пишет:
I'm really inspired together with your writing talents and also with the structure to your weblog. Is that this a paid
Florence пишет:
Hello, I enjoy reading all of your article post. I like to write a little comment to support you.Gymshark sale
Kindra пишет:
Everything is very open with a precise clarification of the challenges. It was definitely informative. Your website is
Raymond пишет:
Do you have a spam problem on this website; I also am a blogger, and I was wondering your situation; we have developed
«    Январь 2022    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
Теги